Қостанай облысында зардап шеккендер шығыны қайтарылды
Қостанай облысында су тасқынан 609 үй зардап шекті. Оның 269-ы қалпына келмейді.
Қазір өңірде арнайы комиссия құрылып, табиғи апаттың зардабын сараптап жатыр. Олар аталмыш баспаналарға техникалық тексеріс жүргізіп, ресми бағасын береді. Содан кейін барып төлем жүргізіледі. Бұл жөнінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов мәлімдеді. Оның айтуынша қазір мал шығынына қатысты төлемдер жүргізіліп жатыр. Бас-аяғы мыңға жуық бас суға кеткені анықталды. Оның ішінде 200-ден астамының ақшасы қайтарылды.
Ерлан Спанов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:
- Қостанай облысындағы 2 қала мен 4 ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазір арнайы комиссия жұмысын бастады. Үйлерге қатысты төлемдер алдағы уақытта жүргізіледі. Бүгінге дейін 976 малдың суға кеткені расталды және 214-інің шығыны қайтарылды.