Ғалымдар су басқан ауылдарды аралады

Тасқынға тосқын қоюға ғалымдар атсалысып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Ғылым және жоғары білім министрі бастаған бір топ маман Атырауға барды. Олар Жайық өзеніне жақын жатқан ауылдарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Атыраудағы 2 университеттің ұжымы су басу қаупі жоғары 10 шақырым аумақты бақылауға алған еді. Ғалымдар өңірлік штабта болып, тасқыннан қорғанудың ғылыми негіздерін талқылады.

Жайық өзенінен келетін басты қауіп – осы Бесікті ауылының маңайы. 1993-94 жылдары бұл ауылды су қоршап, ортасында қалған болатын. Қазір мұнда ұзындығы 20 шақырымдық бөгет-дамбы соғылып жатыр. Тасқыннан қорғанушылар 14 күнде 16 шақырымдық бөгет тұрғызып үлгерді.

Орын Иманғали, Бесікті ауылының тұрғыны:

- Тыныш уақытында осындай жұмыстарды жасап жатырмыз. Мына келіп жатқан балаларға көп рақмет. Осылардың арқасы. Эвакуациялайды деп жатырсыздар, құдайым онан сақтай көрсін, бірақ енді осы ауыл кетіп қалған жағдайда баратын орын болса, тіпті жақсы, біздің сұрауымыз сол. Бір жағынан, халықты үрейлендірмей, анадай әңгімені айта бермей, елдің тынштығын сақтайық енді.

Мемлекет басшысы Астана қаласында елдегі ғылыми мекемелер мен ғалымдардың басын қосқан Кеңес өткізген болатын. Кеңесте тасқыннан қорғану жұмысына ғалымдар мен ғылыми мекемелерді тартуға тапсырма берілді. Атырауға келген ғалымдар мен мен сала мамандары бөгет құрылысымен танысып, қауіпті учаскелерде жасалып жатқан жұмыстарды көрді. 

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Атыраудағы өңірлік штабта барлық Қазақстанның ғалымын жинадық. Олардың ішінде математиктер географтар мен физиктер, гидрогеологтар жиналды. Атыраудағы 2 университеттің 2 мыңнан астам қызметкерлері мен студенттері көмектесіп жатыр. Бізге берілген учаскелерде. Жалпы ұзындығы 10 шақырым бөгетті тұрғызып жатыр.

Атыраудағы 2 университеттің базасында 8500 орындық эвакуациялық бекет жасқаталды. Атырау мұнай және газ университеті алғашқы 400 әскериді қабылдады. Сондай-ақ атыраулықтарға Алматы, Қызылорда Шымкент қалаларындағы жоғарғы оқу орындары қаржылай, заттай қолдау көрестеді, – деді министр. 

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин.