Жайық жағалауындағы 84 елді мекенге қауіп төніп тұр
Батыс Қазақстан облысында Жайық жағалауындағы 84 елді мекенге қауіп төніп тұр.
Қазір өзендегі су деңгейі тағы 13 см-ге көтерілген. Өңірде төтенше жағдай жарияланғалы саяжайлардағы 2 мыңға жуық үй су астында қалған. Қазір әріптесім Мерей Қанапия, сол су басқан саяжайлардың бірінен, тікелей эфирге қосылуға дайын. Мерей өңірдегі қазіргі жағдай қалай? Қанша адам эвакуацияланды?
Қазір қала маңындағы Нұрлы жол ауылында тұрмыз. Мұнда мүлгіген тыныштық. Яғни 90 үй су астында қалған. Адамдар толық эвакуацияланған. Қазір осы ауыл тұрғыны Ілияс Имашов жағдайдың қалай болғанын айтып беруге дайын.
Ілияс Имашов, ауыл тұрғыны:
- Әрімен қарай жалғастырамыз. Жалпы облыста 13 мыңнан астам адам қауіпсіз аймақтарға көшірілген. Оның 6 мыңға жуығы бала. Сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен құтқарушылар мен техникалар осында ағылып жатыр. Әзірге Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарынан мамандар келді.
Нұрқанат Дәулетбақ, құтқарушы:
- Жайықтағы су деңгейі қазір 768 см. Мамандардың айтуынша, өзен суының жоғары деңгейі 19 сәуірде болады деп күтілуде. Айта кетейік, облыста авариялық құтқару жұмыстарына еріктілер мен күштік құрылымдарды қосқанда барлығы 6 мыңға жуық адам, 683 техника жұмылдырылған.