Ана мен бала құқығын қорғау – елдік мүдде. Блиц

«Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған заң - уақыт талабы. Сондықтан бүгін Президент қол қойған құжат қоғамдағы қордаланған мәселені шешуге оң ықпал етеді», - дейді қазақстандықтар.

- Сол кезде мысалы адам өзінің болашағын ойлай бастайды. Әр істеген қадамын ойланып, жауап беретін болады. Қатаңдатқан дұрыс болды деп ойлаймын өз басым.

- Әрине, қатаңдағаны дұрыс. Бірақ бір әсері болуы мүмкін ғой. Кез келген адам, сол зомбылықты жасайтын адамның бір қорқынышы пайда болуы мүмкін.

- Зорлық-зомбылық азаяды, келесіде әйел адамға қол көтерер бұрын ер адам ойланар деген үміттеміз. Негізі мен заңды толықтай оқыған жоқпын. Бірақ не туралы, қалай болатынын шет жағасын естідім. Өте керемет, дұрыс заң деп ойлаймын.

- Біз қолдаймыз. Отбасында осындай жаман нәрселер болып жатқанына біз  өте жүрегіміз ауырады. Балаларға да мысалы сондай қылмыс, зорлық-зомбылық деп айтады, ол деген өте дұрыс емес.