Атырау облысында эпидахуал тұрақты
Жылыой ауданындағы тасқын су мен ауызсудың құрамы бақылауда.
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары бүгінге дейін ауыз судан 100-ден аса сынама алған. Эпидемиологиялық ахуал тұрақты, дейді жауаптылар. Ал тасқын судан алынған 6 сынаманың екеуінен қауіптің жоқтығы анықталды. Қалғаны қазір зерттеліп жатыр.
Ахан Мырзағалиұлы, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының эпидемиолог-дәрігері:
- Көшкін сулардан алынған сынамалар Атыраудағы ұлттық сараптама орталығының филиалына жіберіледі. Сол жерде вирусологиялық зертханалар жүргізіледі. Халыққа қауіпті әсер жоқ. Жұқпалы аурулардың, соның ішінде аса қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бөлінген жоқ. Көшкін сулардан күнделікті сынама алып отырмыз.