Әскери борышын өзге өңірде өтеп жүрген сарбаздар туған жерге көмекке келді
Әскери борышын басқа өңірге өтеуге кеткен оралдық сарбаздар туған жеріне оралды.
Олар тасқынан зардап шеккен жерлестеріне жәрдемдеседі. Қорғаныс министірінің шешімімен Батыс Қазақстан облысына көмекке 500 әскери қызметші жұмылдырылды. Атап айтқанда, 300 десанттық шабулдаушы және арнайы операциялар күштерінен 200 әскери қызметшілер іске кірісті. Бұл сапта Ұлттық ұланның сарбаздары да бар.
Расул Закиров, 99250 әскери бөлімінің командирі:
- Бұл әскери қызметшілер Отан алдындағы борышын басқа өңірлерде өтеп жүрсе де туған жеріне деген ыстық сезіммен мынау қиын-қыстау заманда өз халқына көмекке келді. Табиғи апатты жеңуге, бір жұдырықтай жұмыла күресіп, бірге жеңетінімізге сенемін. Қазіргі кезде жеке құрам жұмыстарын тоқтатпай кезекпен жұмыс атқарып жүр. Қазақстан армиясы халықпен бірге.