Оқушылар қазақ тілінен жаппай емтихан тапсырады

Бұған дейін бүл сынақтан тек 9-11-ші сынып оқушылары ғана өтетін.

Енді олардың қатарына орта буынның бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші сыныптары мен жоғары буынның оныншы сыныбы қосылды. Сөйтіп, бастауыштан өзге оқушылар қазақ тілін қаншалықты білетінін іс жүзінде көрсетуге тиіс.

Зарина Кәп, тілші:

Қазақ тілінен емтихан тапсыратын  оқушылардың қатары артады. Бұған дейін тек екі топ 9 бен 11-ші сыныптар ғана емтихан тапсырып келген еді. Енді биылғы оқу жылынан олардың  қатары толығып жатыр. Яғни бастауыш сыныптан басқа барлық сынып қазақ тілін қаншалықты білетінін көрсетуге тиіс.

Гүлсила Мұздыбекова, орта білім комитетінің бас сарапшысы:

- Оқушылардың  тілді меңгеру деңгейін бағалау ғана емес, оқушыларымыздың оқу сауаттылығын дамыту және тілді үйренуге ынталандыру. Емтиханның қорытындысы әсер етеді . Қорытынды бағаларына әсер етеді. Мысалға 5 ке оқып келе жатқан «Алтын белгіге» үміткерлер осы аралық емтиханнан 4 деген баға алып қалса ол алтын белгіге үміткер болып табылмайды.

Емтихан уақытын мектеп әкімшілігі белгілейді. Ол ауызша және жазбаша өтіп, оқушының қазақ тілінде оқу, жазу, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын анықтайды. Емтихан тапсырмаларын сыныптың оқу бағдарламасын негізге ала отырып мұғалімдер дайындайды.

Ақмарал Әлімқұлова, №8 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

- 1 сәуірден бастап осы тоқсан басталғалы бері  дайындық сабақтарының кестесін бекітіп, дайындық жұмыстарын бастап кеттік.  Жүргізіліп жатыр. Біздің мектепте 1700 баланың 730 баласы осы аралық аттестаттау емтихандарына қатысатын болады. Баланың жас ерекшелігіне қарай отырып,  мұғалімдер тапсырманы дайындап, білім басқармасымен қаралып дайындалып, біз бекітуге ұсындық тапсырманы, 4 нұсқадан болады.

Емтиханды қазақ тілінде оқытатын мектеп тек «қазақ тілі бойынша тапсырса, ал қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептер «қазақ тілі және әдебиеті» бойынша тапсырады. Ал сынақтан сүрінген оқушыға екінші мүмкіндік беріледі.

Авторлары: Зарина Кәп, Ырыстанбек Оспанов