ШҚО-да таулы аймақтарда қар көп

Шығыс Қазақстан облысында өзен арналарын аршу, бөгеттер мен көпірлерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Қазір Алтай мен Қатонқарағайда қар әлі еріген жоқ. Оның биіктігі бір метрден асады. Жалпы өңір аумағының жартысы әлі де ақ ұлпа астында. Таулы аймақтардағы коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қосымша көмек ретінде құтқарушылар мен әскерилер жіберілді. Олардың күшімен Өрел өзенінің жағалауына бөгет тұрғызылды. Зубовск ауылының тұсы ірі тастармен қоршалды. Ауыр техника көтеріле алмайтын биіктегі өзен арнасының 9 шақырымдық бөлігін сарбаздар қолмен тазалап шықты.

Әйгерім Сағидуллина, ТЖД инженері:

- Облыстың су нысандарында су деңгейінің көтерілуін анықтау үшін бақылау белгілері қойылады. Қатонқарағай ауданында Өрел ауылында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде Өрел өзенінің мың метр жағалауы нығайтылды. Алтай ауданы Зубовск кентінде тастар көмегімен Гребко өзенінің жағалауы нығайтылды. Глубокое ауданында Веселовка, Жоғарғы Үлбі және Өскемен таулы Үлбі, Солтүстік ауылдарының облыстық маңызы бар автожолдар еріген сумен шаюды жою бойынша жұмыстар жүргізілді.