Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккендерге үй берілді

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспана беріле бастады, деп хабарлайды 24KZ.

Арқалық қаласынан алғашқылардың бірі болып Екідің ауылының тұрғыны Сағира Ахметжан қос бөлмелі пәтер алды. Жаңа баспана қажетті жиһаздармен толық жабдықталған.

Жалпы Екідің және Қызыл Жұлдыз ауылында тасқыннан зардап шеккен 24 отбасыға Арқалықтан пәтер беріледі. Себебі олардың баспаналары мүлдем жарамсыз боп қалған. Осыған байланысты билік өкілдері мердігерлермен 317 миллион теңгеге келісімшарт жасаған.

Сағира Ахметжан, Арқалық қаласының тұрғыны:

- Маған көмек беріп, балаларым барлық азық-түлік, ыдыстарды, керекті заттарды әкеп тастап жатыр. Көп-көп рақмет.