Маңғыстауға Атырау облысынан 14 вагон төсек жабдығы жеткізілді
Маңғыстауға Атырау облысынан эвакуацияланған тұрғындарға 14 вагон кереует пен төсек жабдығы жеткізілді.
Бұл, ел Президентінің тікелей тапсырмасы бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттің материалдық резервінен бөлінген көмек. Төсек-орын жабдығы эвакуациялық пункттер орналасқан елді мекен әкімдігінің өтінімі бойынша бөлінеді. Сондай-ақ Ақтаудағы өндіріс-логистика орталығына азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді. Жалпы, Маңғыстау облысында тамақ тапшылығы байқалмайды. Бұған дейін Атырау-Ақтау арасындағы тас жол жабылған күндері тауарлар теміржол арқылы жеткізіліп отырды. Азық-түлік бағасының негізсіз өсуін болдырмау үшін жергілікті сауда нүктелерінде бақылау шаралары жүріп жатыр. Айта кетсек, қазір эвакуациялық пункттерге уақытша орналасқан адам саны 1600-ге жуықтайды.
Пікір Сансызбаев, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазіргі таңда мемлекеттік материалдық қорынан 240 тонна азық-түлік тауарлары келді. Оның ішінде 180 тонна бірінші сортты ұн өнімдері, 4 тонна макарон мен 12 тонна қарақұмық жармасы және өзге де тауарлар. Бұл тауарлар эвакопункттерге қабылданған, өзге облыстардан келген адамдарға арналған. Қазіргі таңда облыста азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Азық-түлік нарығында тауар жеткіліксіздігі орын алған жоқ. Мониторинг жүргізіліп жатыр. Оған да қоғам белсенділері қатысуда.