Оралда тасқынмен күрес шаралары жүріп жатыр
Оралда Шаған су қоймасының қақпаларын қосымша металл бөлшектермен монтаждау жұмысы жүріп жатыр.
Оған «Қазсушар» мекемесінің мамандары жұмылдырылған. Бұл әдіс Жайық өзенінің су деңгейі 10 метрден асқан жағдайда тасқыннан қорғану үшін қажет. Мамандардың айтуынша, қазір дарияның деңгейі 779 см-ге жетті. Ал қауіпті меже - 850 см.