Ескерткіштер аумағы абаттандырылды
Семейдің өлкетанушылар бірлестігі аймақтағы көне ғимараттардың тізімін жасап таныстырды.
Оған он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы 58 ғимарат енгізілген. Олардың қатарында еліміздегі ең бірінші сауда банкінің, бұрынғы Қытай елшілігінің ғимараттары бар. Жалпы, Абай облысында 410 жергілікті, 13 республикалық маңызды тарихи ескерткіштер бар. Еліміз бойынша қарқынды жүріп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында бүгін облыстың мәдениет ұжымдары атаулы күнге орай ескерткіштерді жуып, тазалады.
Мейрамгүл Қайрамбаева, Абай музейі директорының орынбасары:
- Біздің музей қызметкерлерінің осы жұмысы болашақ ұрпаққа бір үлкен үлгі болады деп деген сенімдемін. Сонымен қатар біздің елімізде тарихи-мәдени ескерткіштерге үлкен бір қолдау көрсетіп, қамқорлықпен қарайды деген сенімдемін.