Жайықтағы жағдай тұрақты
Жайық суы жағаға жақындағанымен өзендегі ахуал тұрақты.
Алайда қауіп толық сейілді деп айту әлі ерте. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» Батыс Қазақстан облысы бойынша директоры Нәдір Құрымбаев айтты. Ол қазір өзен бойындағы учаскелердің бірінде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кеткен жөн, өңірде ашылған 27 эвакуациялық пункт қалыпты режимде жұмыс істеуде.
Нәдір Құрымбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ БҚО бойынша директоры:
- Тұрғындардың ең басты мәселесі жылжымайтын мүлікке байланысты болғандықтан Орал қаласының әкімдігімен бірлесіп, азаматтарға арналған үкімет қызметкерлерін сол жерге орналастырып, барлық кеңесті беріп жатыр. Жоғалған немесе суда қалған құжаттар бойынша өтініштерді қабылдап, ХҚКО арқылы жұмыстанып жатырмыз.