Жылыой ауданының ауруханасы қалыпты жұмыс кестесіне көшті
Жылыой ауданының ауруханасы қалыпты жұмысқа көшті.
Тасқын кезінде Бейнеу ауданына көшірілген емделушілер мен дәрігерлер Құлсарыға оралды. Еске сала кетсек, 5 сәуірде аурухананы қарғын су қоршап алған. Қазір айналасы толық тазартылды. Сонымен қатар аудандық аурухананың бір топ қызметкері Теңіз кенішінде эвакуацияланған тұрғындарға медициналық қызмет көрсетіп жатыр.
Клара Тағанбаева, Жылыой аудандық аурухана директорының орынбасары:
- Қазіргі таңда төтенше жағдайға қарамастан біз халыққа медициналық көмекті әрі жалғастыру мақсатында аудандық аурухана жұмысын бастады. Кешеден бері 25 науқас қабылдап отыр қабылдау бөлімі. Бірақ емге жатқаны қазіргі таңда 8. Екеуі реанимация бөлімшесіне, жұқпалы ауру, балалар бөлімшесі, терапия өз науқастарын қабылдап, посттар жұмыс жасап жатыр.