Ірі компаниялар судан зардап шеккен өңірлерге ақша аударып жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздегі ірі компаниялар мен Форбс тізіміндегі кәсіпкерлер
су тасқыны салдарын жоюға қаражат аударып жатыр. Осы күнге дейін зардап шеккендерге 145 мдрд теңгеден астам қаржы бағытталған. Оның ішінде ең көбі "Қазақмыс" корпорациясы бастаған бір топ компания 40 млрд тг бөлген. "Қазақстан халқына" қоры 10 және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры 15 млрд тг аударған. Қайырымдылық жасағандардың қатарында бірқатар меценат, құрылыс компаниялары мен екінші деңгейлі банктер бар.
KAZAKHMYS, KAZ Minerals, АлтынАлмас, Қаражыра - 40 млрд теңге
"Самұрық-Қазына" қоры – 15 млрд теңге
"Қазақстан халқына" қоры – 10 млрд теңге
"Теңізшевройл" ЖШС – 2 млрд теңге
"Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" - 2 млрд теңге
Chevron Corporation – 1,3 млрд теңге
ERG – 500 млн теңге
Екінші деңгейлі банктер – 60 млрд теңге