Су тасқыны салдарын жоюға ірі компаниялар көмектесіп жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздегі ірі компаниялар мен Форбс тізіміндегі кәсіпкерлер су тасқыны салдарын жоюға қаражат аударып жатыр.
Осы күнге дейін зардап шеккендерге 145 мдрд теңгеден астам қаржы бағытталған. "Қазақмыс" корпорациясы бастаған бір топ компания 40 млрд тг бөлген. "Қазақстан халқына" қоры 10 және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры 15 млрд тг аударды. Қайырымдылық жасағандардың қатарында, бірқатар меценат, құрылыс компаниялары мен екінші деңгейлі банктер бар.
"KAZAKHMYS", "KAZ Minerals", "АлтынАлмас", "Қаражыра" - 40 млрд тг
"Самұрық-Қазына" қоры – 15 млрд тг
"Қазақстан халқына" қоры – 10 млрд тг
"Теңізшевройл" ЖШС – 2 млрд тг
"Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" - 2 млрд тг
"Chevron Corporation" – 1,3 млрд тг
ERG – 500 млн тг
Екінші деңгейлі банктер – 60 млрд тг