Батыста су тасқынының екінші кезеңіне дайындалып жатыр
Батыс Қазақстан облысы су тасқынының екінші кезеңіне дайындалып жатыр.
Жайық өзені шекті деңгейден асып, 852 см-ге көтерілді. Орал қаласында және Теректі, Бөрілі, Бәйтерек аудандары күшейтілген режимге көшті. Облыс бойынша 11 мың адам мен 10 мыңнан астам техника жұмылдырылған. Ал Атырау облысы Жылыой ауданында бүгінге дейін 770 текше метр еріген қар суы сорылды. Атырау облысы бойынша материалдық көмек алуға 4 мыңға жуық өтініш келіп түскен. 2796 отбасыға өтемақы төленді.
Ерхан Таткен, Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы:
- Қазіргі уақытта облысымызда 13 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оның 6000-ға жуығы балалар. Барлық күштер күшейтлген режимде жұмыс істеп жатыр.