Оралға қосымша 500 құтқарушы барады
Оралдағы су тасқынымен күресу үшін Маңғыстау, Ақтөбе облыстары және Астана мен Алматы қалаларынан тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушы жіберіледі.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев осындай тапсырма берді. Қазір Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрліктерінен 200 адам барып, жұмысқа кірісіп кетті. Қанат Бозымбаев Орал қаласының айналасындағы су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын тексерді. Су тасқынының шарықтау шегі ұзарады деген болжам бар, осыған байланысты топырақ бөгеттерін тағы бірнеше метрге көтеру тапсырылды. Жайық және Шаған өзендерінің бойында 136 шақырымнан астам бөгет салынды. Ал кеше таңертең Жайықтың деңгейі қауіпті 8,5 метрге жетіп, саяжай алаптары су астында қалған еді. Салдарынан өзен маңындағы басқа да шағынаудандарға су жетті.