Жайықтағы су деңгейі төмендеп келеді
Жайықтың шекарадан бермен келе жатқан тұсында су деңгейі төмендеп келеді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының Озерное, Рубежинское және Январцево ауылдарында да су көлемі біршама азайған. Өңірді әуеден бақылаған вице-премьер Қанат Бозымбаев енді бұл тұстағы күшті Жайық өзенінің төменгі ағысындағы Атырау облысының шекарасына дейінгі елді мекендерге жұмылдыруды тапсырды. Мамандар, өңірде тасқын шарықтау шегіне жеткенмен, су күрт көтерілмейді дейді. Дегенмен Оралдың өз басында жағдай әлі күрделі. Қауіп сейілгенше қалада елдің өзге өңірлерінен келген 6 мың құтқарушы мен сарбаз болады. Көмекке тағы 200 сарбаз келуге тиіс.