Қарағандының Шашубай кентінде 96 отбасы баспаналы болды

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты Шашубай кентінде 96 отбасы баспаналы болды.

Ол үшін елді мекендегі бос тұрған бес қабатты үй жөнделген. Пәтер кілттері мүгедектігі бар жандарға, көп балалы аналарға, баспанасы апатты деп танылғандарға, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметшілеріне табысталды. Шашубайда үй кезегінде тағы 89 отбасы бар. Алдағы уақытта кенттегі бос тұрған тағы осындай 3 үй жөнделеді.

Қуанышбек Мейізбекұлы, Шашубай кентінің тұрғыны:

- Біздің отбасымыз үшін қуанышты күн болып жатыр. Ағам Мейрамбек баспана алып отыр. Бірнеше жыл бұрын мүгедектің топпен үй кезегіне тұрған. Сол кезегі келіп міне екі бөлмелі пәтер алды. Үй өте жайлы, көңілімізден шығып жатыр.