Жылыойдағы тасқыннан зардап шеккендерге 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Атырау облысында Жылыойдағы су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.
Бұл туралы жергілікті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов хабарлады. Айтуынша, тұрғындар тарапынан 3 мың 398 өтінім келсе, соның 3 мың 151-іне біржолғы материалдық көмек берілген. Әзірге өтініштерді қарау, қабылдау жұмыстары жалғасып жатыр.