Гуманитарлық көмек жеткізетін көліктер ақылы жолдармен тегін жүреді
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық жүк таситын көліктер бүгіннен бастап ақылы автожолдарда тегін жүре алады.
Ол үшін жүргізушілер «14-03» байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы керек. Сондай-ақ көліктің мемлекеттік тіркеу номері мен жоспарлаған бағытын көрсетуі қажет. Осылайша олар 5 мамырға дейін тегін жүре алады.