Ақтөбелік жастар абаттандыру жұмыстарына атсалысты
«Жасыл ел» жасақтары әлеуметтік мекемелардің айналасын абаттандыруға атсалысты.
Ақтөбелік студенттер Қарттар үйінің ауласына тал екті. Жасыл желектің жерсініп, тез өсеріне сенім мол. Себебі, қажетті күтім жасаймыз - дейді олар. Жалпы «Жасыл ел» студенттер бірлестігі биылғы маусымда 2 мыңнан астам көшет егуді жоспарлап отыр. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бірнеше саябақ пен гүлзарды да ретке келтіреді.
Нұржан Шаңғытбаев, «Jasyl el» жастар еңбек жасағының облыстық штабының төрағасы:
- «Үміт» балалар үйіне де барып көмек беретін боламыз алдағы уақытта. Және де ертең мына «Батыс-2» ықшам ауданында жалпы қалалық ағаш отырғызу акциясы басталатын болады. Соған да өзіміздің атымыздан қолдауымызды көрсетіп, осы жастарымызбен бірге қаламыздың көгалдануына атсалысуға дайынбыз.