Апат аймағына көмек жіберу жалғасуда
Жетісу облысында су басқан аймақтарға гуманитарлық көмек жіберу ісі жалғасып жатыр.
Бұл жолы 50 тонна ұн темір жол арқылы Батыс Қазақстан облысына жөнелтілді. Сонымен қатар азық-түлік, керек-жарақ және құрал жабдық тиелген екі жүк көлігі Солтүстік Қазақстан облысына қарай жолға шықты. Жылу жинауға саяси партиялар, ассамблея өкілдері, еріктілер мен мүгедектігі бар жандардың қоғамдық ұйымдары да атсалысты. Айта кетейік, өңірдегі әрбір аудан, қалада қабылдау орталығы ашылған. Әкімдіктің мәліметінше осыған дейін жетісулықтар атынан апат аймағына 200 тонна заттай көмек пен 170 млн теңге қаражат аударылған.
Құрметбек Сансызбай, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі:
- Апат кезінде бірлігімізді нығайту, береке бірлігімізді көрсету, Мемлекетіміздің тұғыры мықты ары қарай нығайып, көк туымыз желбіреп тұруы үшін апаттан ел жұртымызды аман шығару үшін халық жиылып қол ұшын бері жатқан жағдайымыз бар.