90 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды
Түркістандық полицейлер 90 млн теңге қарызы бар жүргізушіні анықтады.
Тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздікті қадағалау кезінде "Қорғау" бағдарламасының көмегімен айыппұлы бар "Toyota Highlander" автокөлігін тоқтатты. Себебі патрульдік полицейлердің қолындағы планшетке жедел басқару орталығынан борышкердің қарызы бар екені туралы дабыл қоңырауы түскен. Тексеру барысында 46 жастағы Қызылорда қаласы тұрғынының ірі көлемдегі айыппұлды төлемей жүргені белгілі болды. Сот орындаушының қаулысына сәйкес автокөлік айыптұрағына жеткізілді.
Гүлнар Абдужаппарова, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
- Заң талаптарыzа сәйкес, полицейлер көлікті айыптұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.