Су тасқыны: 35 мың тұрғын үйіне оралды
Су тасқыны кезінде ауылынан алыстауға мәжбүр болған 35 мың тұрғын баспанасына оралды.
Алайда 8 мыңнан аса азамат әлі эвакуациялық пунктті паналауға мәжбүр. Ел бойынша қарғынға қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника және 14 әуе кемесі жұмылдылырды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды. Ал Атыраудағы Жайық өзеніне мониторингі жалғасуда. Соңғы уақытта судың деңгейі көтерілгені байқалады.
Асқар Шәріп, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі&
- Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 240 км қорғаныс бөгеттерін нығайту жүргізілді. Бұған дейін көмекке келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, қажетті жұмыстарды атқаруда. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.