Су тасқыны. Шығынды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр
Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды.
Яғни, 100 АЕК мөлшерінде 4,5 млрд-тан астам теңге көлемінде біржолғы төлем алды. Шығын болған мал басы үшін берілетін төлем көлемі 211,5 млн теңгеге жетті. Су басқан өңір тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр. Бүгінге дейін 21 658 өтінім түскен. Сондай-ақ, 3871 тұрғын үй тексеріліп, 2230 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді. 468 үйді жөндеу жұмыстарын жүргізуге 645 млн-нан астам теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 49 отбасына қираған баспаналарының орнына үй берілді. Шығынды өтеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бұл мәселе Үкіметтің қатаң бақылауында.