Петропавлда тасқыннан зардап шеккендерге 100 үй салына бастады
Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға алғашқы 100 үй салына бастады, деп хабарлайды 24KZ.
Үйлер қала шетіндегі су баспайтын шағын ауданда бой көтереді. Әр баспананың көлемі 80 шаршы метр болады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев құрылыс барысымен танысты. Ол мердігер ұйым өкілдерімен сөйлесіп, жұмысты тез әрі сапалы жүргізу керегін тапсырды. Үкімет басшысының орынбасары қаладағы су басқан аймақтарды аралап шықты. Сондай-ақ эвакуациялық пунктерде тұрып жатқан халықпен кездесті. Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны кезінде 4 мыңға жуық үйді су басты.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- «Оценкадан» кейін комиссиялар көрсе, содан кейін нақты шешім шығарса, осы, мысалы, үй жарамсыз болып жатыр, әрі қарай пайдалануға болмайды, онда сол үйдің иелеріне жаңадан үй саламыз немесе жаңадан үй сатып аламыз немесе пәтер сатып алатын боламыз.