Алматы облысында 340 мыңнан аса оқушы ағаш тұқымын екті
Алматы облысында бір мезетте 340 мыңнан аса оқушы ағаш тұқымын екті, деп хабарлайды 24KZ.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен «Жасыл аймақ» апталығына 80-нен аса мектептің өрендері қатысты. Еңбекшіқазақ ауданының оқушылары «Өз ағашыңды өсір» акциясы шеңберінде шырша ағашының дәндерін екті. Осылайша, Мемлекет басшысының орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу туралы тапсырмасына өз үлестерін қосты.
Бекжан Әуелбек, 10-сынып оқушысы:
- «Жасыл» экономика біздің болашаққа өзінің үлкен үлесін қосады. Себебі бізден кейін өсіп келе жатқан кішкентай інілеріміз бізге қарап үлгі алу керек.
Нұрасыл Қуандықұлы, 8-сынып оқушысы:
- Негізі «Таза Қазақстан» деген акция өте жақсы құрастырылған. Өйткені біз көшелерге, әр қалаға көбірек ағаш ексек, адамдардың денсаулығы көбірек болады және біздің жас адамдар оған қаттырақ қызығады. Кейін өзі өскен кезде осыны жалғастырып кете береді.