Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылық
Ақмола облысы Ақкөл қаласында ірі заңбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда, жергілікті саябақты жөндеуге бөлінген 128 млн тг мемлекеттік сатып алу кезінде заңсыз берілмек болған. Дәлірек айтқанда жергілікті әкімдік тендерді тек бір адамның ұтуына жағдай жасаған. Ақмола облысының прокуратурасы заңсыз мемлекеттік сатып алуға тосқауыл қойды. Кәсіпкерлер енді ашық конкурсқа түсетін болды. Кінәлі лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.