Еліміздегі өзге этнос өкілдері арасында қазақшаға судай жандар аз емес
Елде тұратын өзге этнос өкілдері арасында қазақшаға судай жандар аз емес.
Мемлекеттік тілді меңгерген азаматтар қатары жыл сайын артып келеді.
Олар тілге құрмет елге құрмет деп біледі.
Рустам Гасимовтың ұлты түрік. Алайда қазақшаға судай. Мектебім, достарым қазақ болғаннан кейін кішкентайымнан қазақша сөйлеп үйрендім дейді.
Рустам Гасимов, Сарыарқа аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі:
- Қазақ тілі менің екінші ана тілім болып кетті. Мен қазақстанда дүниеге келдім. Отбасымызда бәріміз қазақша сөйлейміз. Ешқандай қиындық жоқ. Бір бірімізбен көршілеріміз бәрі қазақ. Қазақ тілін оқуда да, айтуда да еркін түрде өз ана тілімдей еркін түрде сөйлей аламын.
Отбасында ағасы да қарындасы даөзі сияқты қазақ балабақшаға барып, қазақша тәлім алған. Мемлекеттік қызметтен бөлек Рустам Гасимов спортпен жиі айналысады. Фортепианада ойнай алады. Қазақ әндерін тыңдағанды, айтқанды ұнатамын дейді.
Рустам Гасимов, Сарыарқа аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі:
- Бала кезден шұғылданып келемін спортпен. Грек рим күресінен Қазақстан спорт шебері деген атағым бар. Еркін күреспе айналысамын.
Қазақстанда туылғаннан кейін, өмір сүргеннен кейін қазақ тілін құрметтеп қазақ тілін білуге міндетті деп ойлаймын әрбір азамат.
Ал әріптестері кейде оның ұлты басқа екенін ұмытып кетеміз, ұлттық дәстүр, құндылық туралы сөз еткенде таңқаламыз дейді.
Нұрбол Көбенбеков, Сарыарқа аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:
- Әріптесім өзінің жұмысына жауапкершілігі жоғары, тыңғылықты өзінің жұмысына жақсы қызметкер. Өзге ұлт өкілі болғанымен қазақ тілін жақсы меңгерген. Қазақтың салт-дәстүрін, мәдениетін жақсы ұстайды.
Қазір қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілдеріне көп ешкім таңдана қоймайды. Себебі тілді үйренбек түгілі қазақ тілін үйретіп жүрген өзге ұлт өкілдері бар. Тек тілді меңгерудіге басты шарт – ниет қана дейді өздері.
Зарина Кәп, Арман Ақшабаев