Риддерде жаңа трансформаторлар қойылды
Риддерде талай жыл бойы жұртты мезі қылған электр желісіне қатысты мәселе шешім тапты.
Шаһардағы үш бірдей ықшам ауданға жаңа трансформатор қойылды. Бұл екпінді жел соқса, қуат көзінен ажырап қалатын тұрғындарға, кәсіпкерлерге өте маңызды. Жалпы қаладағы барлық ескі электр қондырғылары жақын арада жаңартылады деген жоспар бар.
- Ниче не работает, это убытки естественно
Оксана Лютимина бұл дүкенді 20 жыл бұрын ашты. Содан бері электр жарығының жалп етіп өшуінен қыруар шығынға батқан. Тіпті талай рет су боп еріп кеткен балмұздақты шелектеп төккен.
Оксана Лютимина, кәсіпкер:
- Электр жарығы өше берген соң ақыры генератор алып амалдадым. Бірақ оны да ұзақ қолдануға болмайды. Әсіресе қыста жиі өшіп қалатын. Себебі қаладағы жылу мәселесін жақсы білесіздер, бәрі электр жылыту пештерін қосқан кезде үлкен қысымға шыдас бермейді.
Шыдас бермейтіндей жөні де бар. Қаладағы трансформаторлардың сиқы осы. Дені осыдан 70 жыл бұрын салынған. Төбесінен су сорғалап, ішіндегі тетіктері әбден ескірген.
- Ескі болғаннан кейін мыналарда пнд жанады нагрузкадан.
Бұл мәселені риддерліктер талай көтерген. Ақыры жұрттың арыз-шағымы ескерілді. 99 миллион теңге бөлініп, 3 ықшам ауданға қуаты бұрынғыдан 4 есе артық заманауи трансформатор қойылды.
- Мынау жаңа современный шыққан бәрі әмбе күші өте көп.1000 т ғой.
Рауан Құрметұлы, Риддер қаласы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:
- Бірінші, алтыншы, жетінші районға трансформатор қоюды шештік. Болашақта жыл сайын да осы жұмыстарды жүргіземіз,жыл сайын бірден екіден жаңадан трансформатор ауыстырып отырамыз.
Бұл үш трансформаторға 5 мың абонент қосылады. Бірақ үздіксіз әрі сапалы электр қызметіне зәру аудан әлі де көп. Шаһарда тозып тұрған 30-ға жуық трансформатор бар.
Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов