Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғы қойылды

Өскеменде Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғы қойылды.

Жиналғандар өскелең ұрпаққа батырдың ерлігін насихаттады.

Биыл – Кавказдан Берлинге дейін жүріп өткен батыр Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына жүз жыл. Ұлы Отан соғысының ардагері жайлы аңыз әңгімелер – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен тәрбие.Тәуелсіз Қазақ елінің тұңғыш Қорғаныс министрі, алғашқы «Халық Қаһарманы» атанған ел мақтанышының есімі жақында «Айбын» орденінің бірінші дәрежесімен дараланды.

Зәмза Қырықпаев, еңбек ардагері:

-Сағадат Нұрмағамбетұлы бізді шақырды, Алматыда бір жұма бірге болдық, менің әкем Отан соғысында Украинада қайтыс болды.Сондықтан бізді как «наследник Победы» деп қонаққа шақырды. Өте жақсы таныстық, инабатты, парасатты еліне елеулі, халқына қалаулы адам еді.

Өлкеде ұрпаққа өнеге боларлық өзге де батырлар мен ардагерлер жетерлік. Солардың бірі – Иван Гагарин. Қарт жауынгердің жастарға айтар өсиеті көп. 8 жасынан бастап еңбекке араласқан ол бір жапырақ нанның қадірін жақсы түсінеді.

Иван Гагарин, тыл ардагері: 

- Тек қана еңбек еттік. Бала болып ойнауды білген жоқпыз. Бір үзім  нан тауып жеу үшін таңнан кешке дейін жұмыс істеуге тура келді. Қажыр-қайрат арқасында бәрін жеңдік.

Сол қажырлы мінез Иван Гагаринге әскери өмірді мінсіз өткеріп, борышын адал атқаруға ықпал етті. Ал Ұлттық гвардия сарбазды әр жыл сайын мерекемен құттықтауды ұмытпайды.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов