Құтқарушылар мен әскерилердің еңбегі ерен

Елдегі табиғи апат кезінде қазақстандық құтқарушылар, әскерилер мен полицейлер халықты  су тасқынынан қорғауда аянбай еңбек етті.

Төтенше жағдай министрлігінің жедел штабының мәліметі бойынша, тасқын басталғаннан бері ел бойынша апаттық-құтқару жұмыстарына жалпы саны 17,5 мыңнан аса  Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері бөлімшелерінің, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері жұмылдырылған. Су тасқынынан қорғау жұмыстарына 7 мыңға жуық техника, 1,1 мыңнан астам су айдау және 418 жүзу құралы, 38 әуе кемесі тартылды.