Алматыдан Қытайдың Сиань қаласына пойыз тікелей қатынайды
Қытайдың тарихи қаласынан Алматыға жолаушылар пойызы аттанады.
Сиань-Алматы бағытындағы теміржол көлігімен туристер қатынайды. Жоба Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы аясында жүзеге асырылмақ. Техникалық мүмкіндіктер нақтыланса, халықаралық пойыз Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүреді. Шаһарға жеткен соң «Алматы-2» вокзалында бірнеше күн тұрақтайды.