Жеңістің 79 жылдығын сырбойылық 4 майдангер қарсы алды

Қызылорда облысынан сұрапыл соғысқа 70 мың адам аттанып, оның 30 мыңы қайта оралмады. Ұлы Жеңістің 79 жылдығын сырбойылық 4 майдангер қарсы алып отыр, деп хабарлайды 24KZ.

AMANAT партиясы облыстық филиалының өкілдері Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлерін құттықтап барды. Абдрахман Бәйтіков қан майданға алғашқылардың бірі болып аттанып, Курск, Орел қаласын қорғауда ерлігімен көзге түскен. Ауыр жарақат алған 20 жастағы жауынгер 1944 жылы елге оралды. Ал Төлеген Жүнісов атқыштар құрамында Украинаны азат етуге атсалысқан. Соғыстан кейін де отанды түлетуге еңбек сіңірген. Облыстық филиалдың атқарушы хатшысы қарт жауынгерлерге «AMANAT» партиясы төрағасының «Құттықтау» хатын табыстады.

Төлеген Жүнісов, соғыс ардагері:

- Денсаулықтарың мықты болсын. Өмір-жастарың ұзақ болсын. Ешқандай қиыншылық, жамандық көрсетпесін. Елімізде тыныштық заман, халқым аман болсын. Әумин.