«Әйелін ұрды» деп айыпталған дипломаттың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Әйелін ұрды деп айыпталған қазақстандық дипломаттың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, арнайы сараптама тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаштың жұбайы Карина Мамаш 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келе жатқанын мәлімдеген болатын. Қазір жәбірленуші анасы және әпкесімен бірге дағдарыс орталығына орналастырылған.