Атырау облысындағы Талдыкөл ауылын су басу қаупі жоғары болып тұр

Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау облысындағы Талдыкөл ауылын су басу қаупі жоғары.

Бүгінгі таңда елдімекен маңында 3 шақырым қорғаныс бөгеттері салынды, жағалауды нығайту жұмыстарына 28 әскери қызметші және 15 құтқарушы жұмылдырылды. Талдыкөл орта мектебінде 300 орындық эвакуациялық пункт дайындалды. Қазіргі уақытта фермерлер мен шаруа қожалықтарының иелеріне су басу қаупі туралы ескертулер берілді.

Сейілбек Зұлхашев, Бейбарыс ауылдық округының әкімі:

- Ауылда 25 техника жүр. 800 метр жерді қорғану бағытында соғып жатыр. Енді 28 мың қап дайындалып, ауыл тұрғындарымен бітірілді.