Сарайшық қалашығында жаға бекіту жұмысы жалғасып жатыр

Атырау облысындағы Сарайшық қалашығында жаға бекіту, бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Алдын алу жұмыстарына екі жүзден астам төтенше жағдай департаментінің мамандары мен әскери қызметкерлер жұмылдырылды. Археологиялық қазба орындарын қорғау үшін қалашық айналасындағы қоршаулар нығайтылды. Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев тарихи кешенді сақтап қалу үшін бұл іске жауапкершілікпен қарауды тапсырған болатын.

Қайрат Нұрлыбаев, Махамбет ауданының әкімі:

- Ескі Сарайшық пен екі арада орналасқан археологиялық қазба аймағына су қауіп төндіруде. ТЖМ өкілдері жұмыс жасап жатыр. Техникалар жұмыс жасап жатыр. Жалпы жұмыстар жүргізілуде.