Су тасқыны. Қауіп әлі сейілген жоқ

Индербор кентінде жерасты құбырынан су кетті. Қазір ағын қауіпсіз аумаққа жіберіліп жатыр.

Су кетуіне құбырдың ескілігі себеп болған.

Жайықтың Атырау облысы тұсындағы су деңгейі әлі көтеріліп тұр. Кейінгі ақпарат бойынша Индербор мен Махамбеттің тұсында қауіпті межеден асып тұр.

Ал Атыраудың өз басы мен Жаңаталап, Еркінқала ауылдары маңында өз ағысымен кетіп жатыр. Өңірде бөгет тұрғызылып, жағалауды бекіту жұмыстары тоқтаған жоқ.

Жалпы Республика бойынша 11 мыңнан аса тұрғын үй мен 3350 аула аумағынан су сорылған. 7,7 млн қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді. Тасқын басталғалы қауіпсіз аймақтарға көшірілген 55 мыңға жуық адам өз үйіне оралды. Әзірге уақытша орналастыру пунктерін 5 мыңдай адам паналап отыр.