Тасқынмен күрес. Кәсіпкер 15 млн теңгенің киім-кешегін жіберді

Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге қалталы азаматтар көмек көрсетіп жатыр.

Шет елдердегі қазақстандықтар да қол ұшын созып отыр. Бүгінде Түркияда тұратын кәсіпкер Торғай өңіріне 15 млн теңгенің киім-кешегін жөнелтті.

Су жаңа киімді тиеген жүк көлігі жақын уақытта діттеген жеріне жетуге тиіс. Волонтерлер бұл киімдерді Арқалық қаласы мен Аманкелді және Жанкелді аудандарының тұрғындарына таратуға тиіс.

Тимур Әубәкіров, кәсіпкер:

- Мемлекет тасқыннан зарап шеккен өңірлерге жан-жақты көмек көрсетіп жатқанын көріп отырмын. Осы орайда мен де игі істен шет қалмауды жөн көрдім. Өзім Астанада тусам да, балалық шағым Торғай өңірінде өткен. Сондықтан, жерлестеріме көмек көрсеткен жөн деп шештім. Маған қарап басқа да кәсіпкер азаматтар үлгі алады деген сенімдемін.