Бишімбаев ісі. Алқабилер не дейді?

Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Бүгін судья Айжан Құлбаева қылмыстың дәлелденгенін не дәлелденбегенін айқындайтын сауалдармен таныстырды.

Енді 10 адамнан құралған алқабилер соты осы сұрақтарға жауап беру арқылы қос айыпталушы қандай жазаға тартылатынын анықтайды. Әріптесім Бақыт Топтаева қазір сот ғимаратынан тікелей байланысқа шығып, істің егжей-тегжейін айтып бермек.

Бақыт, сонымен алқабилер соты қандай сауалдарға жауап беретін болады?

Бақыт Топтаева, тілші: