Индерборда құбыр жарылды

Атырау облысының Индербор кентінде жерасты құбырынан су кетті.

Қазір апат салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда 30 техника, 20 су айдау құрылғысы мен құтқарушылар, әскери қызметшілер және жергілікті тұрғындардан құралған 300-ден астам адам жұмылдырылды.

Алдын ала ақпаратқа сай, судың жайылуына құбырдың ескіруі себеп болған. Аймақта Жайық өзенінің деңгейі 1036 см-ге жетіп отыр.

Индер ауданы бойынша 30 шақырым бөгет тұрғызылды. Ал бұған дейін әлеуметтік желіде бөгет жарылуы туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Дарын Шамұратов, Индер ауданының әкімі:

- Бұл су бұрынғы ескі құбырлардан кетіп жатыр деген болжам бар. Қазіргі уақытта оны ашып қарайтын мүмкіндік жоқ. Қазір толықтай тұйықталып бақылауға алынды. Үш деңгейлі балдарды соғу жұмыстарын ұйымдастырып жатырмыз.