Бишімбаев ісі. Алқабилер қандай сауалдарға жауап береді?
Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деген айыппен сотталып жатқан Қуандық Бишімбаев пен туысы Байжановтың тағдырын шешетін сауалдар жария болды.
Бүгін судья Айжан Құлбаева алқабилер жауап беруге тиіс сауалдарды жариялады. Енді 10 адамнан құралған алқабилер соты осы сұрақтарға жауап беріп, қос айыпталушының қандай жазаға тартылатынын анықтайды.
Еске сала кетсек, Қуандық Бишімбаевқа әйелі Салтанат Нүкенованы үнемі ұрып-соғып, физикалық және психикалық тұрғыдан азаптады және қатыгездікпен өлтірді деген екі ауыр айып тағылған.
Ал Байжанов қылмыстың ізін жасырды деген күдікке ілінді. Осыған сәйкес, тағылып отырған айыптарды дәлелдеу үшін алқабилер соты жауап беруге тиіс. Сосын судья оны мұқият саралап, екі айыпталушыға жаза тағайындайды.