Жасанды интеллект: Адамдар, жұмыссыз қалуларың мүмкін
Жасанды интеллект көп ұзамай әлемдегі жұмыс орындарының 40 пайызын тартып алады.
Халықаралық валюта қоры жуырда осындай болжам жасады.
Қор жүргізген талдау қорытындысы бойынша, жоғары технологияның адамдарды алмастыруы білікті мамандардың жетіспеушілігімен байланысты.
Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес, алдағы 5 жылда жасанды интеллектіні қолдану аясының кеңеюінен әлемде 83 миллион жұмыс орны қысқарады.
Десе де, 69 миллион жаңа жұмыс орны пайда болады, – дейді сарапшылар.