Заңсыз ауланған 10 тонна балық тәркіленді
«Бекіре – 2024» акциясы кезінде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары мен құзырлы органдар 10 тоннаға жуық балық тәркілеп, 626 заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды 24KZ.
435 адам жауапқа тартылып, браконьерлік бойынша 55 қылмыстық іс қозғалған. Заңсыз балық аулағандарға 13 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Су маржандарын қорғау акциясы 31 мамырға дейін жалғасады.
Рүстем Қорқытов, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы:
- Заңсыз ауланған 10 тоннаға жуық балық тәркіленді. Оның 1,5 тоннасы – бағалы бекіре балығы. 6 келі бекіре уылдырығы алынды. Сондай-ақ 113 ау құралы мен 13 су көлігі тәркіленді.