Қызылордалық полицейлер оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндірді

Қызылордада «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Полицейлер жазғы каникул қарсаңында оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндірді. Себебі облыс бойынша балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары айтарлықтай артқан. Былтыр 25 факт тіркелсе, биыл 41 жол апаты болып, 4 бала қаза тапқан. Тәртіп сақшылары аялдама, көліктердің айналма жолдарын, мектепалды мекемелер маңындағы жол белгілерін тексеріп, бірқатар кемшілікті анықтады. Биыл полицейлер балалар арасында топтық төбелесті болдырмау мақсатында 31 мамырға дейін күшейтілген жұмыс кестесіне көшті.   

Ілияс Жұмағұлов, Полиция департаменті бастығының орынбасары:

- Осы жылы 2992 құқықбұзушылық анықталды. Жасөспірімдермен жасалған 8 қылмыс анықталды. Былтырға қарағанда 20%-ке қылмыс төмендеді. Бірақ соған қарамастан топтық төбелестер әлі күнге дейін орын алып жатыр. Соның алдын алу бүгінгі шараның ең басты мақсаты болып табылады.