3 млрд теңге. Түрмеде онлайн-казино ойнаған

Алматы облысындағы түзеу мекемелерінде 3 млрд теңгеден аса қаражат заңсыз айналымда болған.

Өңір прокурорлары, сотталғандардың онлайн сатып-алуға, кредиттерді рәсімдеуге және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казинолар арқылы құмар ойындарға қатысқанын әшкереледі.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Іле аудандық сотының үкімімен №10 түзеу мекемесінің үш қызметкеріне, түрлі жаза тағайындалды. Қазір №12 және №57 мекемелердің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Алматы облысының про-куратурасы №57 мекеме бастығы, қамауға алынғанын мәлімдеді.