600 млн теңге. Солтүстікке көшті желеу еткендер анықталды

Павлодар облысында оңтүстік халқын солтүстікке қоныстандыруға бөлінген 600 млн теңге жымқырылды.

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, күдіктілер «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын жымысқы әрекетіне пайдаланып, тұтас схема ойлап тапқан.

Мысалы, шығынның жартысын алу үшін үйлердің құнын жасанды түрде 8 миллион теңгеге дейін көтерген. Ал іс жүзінде бос тұрған бұл баспаналарды 500 мың теңгеге сатып алған. Нәтижесінде көші-қон тек қағаз жүзінде ғана орындалды. Келген жұрт ауылына қайта оралып, облыста 59 елді мекен жойылды. Мұндай факті 6 ауданда тіркелді. Қазір тексеріс жалғасуда.