Туризм. Шағын ұшақтар пайдаланылуы мүмкін
Шағын авиация арқылы туризмді дамытуға болады. Шығыны аз. Әрі алып инфрақұрылымды қажет етпейді.
Бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов осылай деді.
Десе де алдымен қауіпсіздік жайын пысықтап, шет елдердің тәжірибесін зерделеп алу қажет.
Қазақстан – тарихи һәм мәдени орындарға бай. Алайда оларға жету көп қиындық туғызады. Бұл ретте шағын авиация осы түйткілді шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан, инвестор тарту мәселесін, көлік министрлігіне тапсырамын, - деді Премьер-министр.